ЖАҚСЫЛЫҒЫ МОЛ ЖОБА

0 128

farkhatmoldashev-133

Биылғы жылдың сәуір айында басталған «ZhasStar» Жастар саясаты орталығының «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» атты жоба аясындағы іс-шаралар топтамасы өз мәресіне жетті.

Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқар­­масының қолдауы­мен өткен аталмыш жоба шеңберінде киіз үйлер тігіліп «жастар ауылы» құрылды. Тоғыз­құ­малақ, асық ату, алтыбақан сынды қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жүзден жүйріктері бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұлттық салт-дәстүрге қатысты сахналанған көріністер де көрермен назарынан тыс қалмады.

Сондай-ақ, уақытты тиімді пайдалану, коммуникацияны басқару жөнінде елордалық студенттерге арналған семинар-тренингтер өткізілді. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуды мақсат тұтқан бұл іс-шараларға маусым айына дейін 1500-ден астам адам қатысты.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =