ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСАДЫ

0 132

1311561662_img_7657-800x600

 

 

Шавхат Исмаилов,

«Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығының төрағасы

 

Өткен жылдың соңында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан-Ресей университеті және Ұлттық академиялық кітапхана арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету туралы Меморандумға қол қойылды.

Бастамашылардың мүд­десі де, өзара келісімнің шарты да мұқтаж жандарды белгілі бір кәсіпке үйретіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету болып табылады. Осыған байланысты компьютер меңгеру курстарын ашып, жастарды дизайнер, тігінші мамандықтарына баулып, тіпті шет тілдеріне оқытатын орталықтар ашылды. Көп ұзамай, осы ын­тымақтастық аясында 19 сер­тификат бө­лініп, 135 адам даярлықтан өтті. Қалалық ассамблея мүшелерінің қолдауымен
12 компьютер сыйға бе­рілді. Алты адам жұмысқа  орналасты. Сондай-ақ, Есіл аудандық мүгедектер қоғамында тігін цехы іске қосылды. Оны тігін мәшинелерімен және ке­ректі құралдармен жаб­дық­тауды қалалық этно­мәдени орталықтары өз міндетіне алды.

Қайырымдылық шаралары жалғасын тауып, 360 мүгедекке материалдық көмек көрсетілді. Қалалық ассамблея жетекшілері Қызыл жарты ай қоғамымен бірлесіп қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуде. Көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен мүгедек сәби өсіріп отырған жанұяларға сыйлықтар тапсырып, бала­ларға арналған түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырды. Қаладағы №69 орта мектептің жанында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы және спорт залы ашылды. Онда ден­сау­­­лы­ғында әртүрлі ауыт­қу­шы­лығы бар балалар нұс­қау­шының қа­дағалауымен жаттығу жасайды. Олардың бәрі маманның жеке бақы­лауында болып, арнайы оңалту бағдарламасынан өтеді. Алдағы уақытта осындай жандарға арналған сауда орнын ашу көз­делуде.

Аз уақыттың ішінде көп қаржылық шығынсыз, қолда бар мүмкіндігімізді тиімді ұйымдастырып, нақты іске бағыттау ар­қы­лы көп нәтижеге қол жет­кіздік. Ассамблея мүше­ле­рі­нің қатысуымен түрлі қайырымдылық шаралары,  мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге икемдеу сияқты игілікті істер жалғасын табуда. Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің күнделікті жұмысында әлеу­меттік сала­дағы Елбасы атап көр­сеткен міндеттерді орын­дауға бір кісідей атсалысады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүд­делерін қор­ғау, олардың жағдайына көбірек көңіл бөлу қажеттігі де кейінгі Жолдауда ерекше  айтылып өтті.

Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау ар­қылы біздің қоғамымыз ізгілене түспек.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 16 =