«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жақсы әдетке жақын болайық

0 288

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қолдауымен «Саламаттылық әдеттері марафонын» өткізді.


«Жерұйық» саябағында өткен шарада қала тұрғындарына онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатрмен бірге салауатты өмір салты мамандары консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті.
Марафонға келген дәрігерлер адам денінің саулығына қол жеткізу үшін ас тұзының мөлшерін азайту, тәулігіне 2 литр су ішіп, күнделікті 10 000 қадам жаяу жүруді әдетке айналдыруға шақырды. Денсаулық сақшылары тұрғындарға алғашқы көмектің тәсілдерін түсіндіріп, манекен арқылы жү­рек-өкпені реанимациялау кезінде шұғыл көмек беру дағдыларын көрсетті.
Марафоншылар фастфудтан бас тартып, газды суды – құнарлы сусынға, тәтті тағамдардың орнын жеміс-жидектермен ауыс­тырып, жан сергітетін жаттығулар жасауға ша­қырып, жақсы үрдісті ары қарай  «Ал Сіздің қолыңыздан келе ме?» деген ұранмен жалғастыруға  үндеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды