Жапониямен байланыстың жаңа белесі

0 103

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Жапония арасында медицина, мәдениет және экология салаларындағы әріптестік жаңаша сипат алады. Күншығыс елі жеке инвестиция тарту мен қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашуда елорданың сенімді серіктесіне айналмақ. Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов пен Жапонияның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямадамен кездесуінде айтылды.Елордаға жеке инвестицияларды тарту бойынша 19 инвестициялық кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, өнеркәсіп, логистика, сауда, спорт салалары бойынша 144 жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асыруда бірінші кезекте қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету, елордалықтар мен шаһар қонақтарына өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілмек.
Мемлекет басшысы да бұған дейін Жапонияның Премьер-министрі Ё.Сугамен кездесуінде Жапония арасындағы байланыс­тың «Орталық Азия – Жапония» диалогы аясындағы ықпалдастықтың қозғаушы күші болатынын айтқан еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + seventeen =