«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жанұяның» жылуы

0 25

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара ­ұйымдастырды.

92ba7a74a2eb3a0a4ce052e9bdfb5f6f_1280x720

Іс-шараға қатысқан Ішкі сая­сат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов орталықтың атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Жанұя» соңғы екі жылда ашық мемлекет қағидасы аясында халықпен тығыз байланыс орнатуда республикалық деңгейде бренд болған, үлгі болған орталық деп айтуға болады. Осы уақыт аралығында орталық ондаған мың адамды қабылдап үлгерді. Қаншама адамның мәселесі осында бірден шешіліп, ақыл-кеңес беріліп жатыр. Мұның бәрі – ұжымның керемет жұмысының нәтижесі, – деп атап айтты.

Мерекелік шараға қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мағжанова да құттықтады.

«Өмірдің тауқыметін көрген, жүрегі жаралы қаншама жанның мәселесін шешіп, халықпен тығыз қарым-қатынас жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себепті осы орталыққа келген әрбір жанға жылу беретін мекеменің қызметіне береке берсін деп тілегім келеді! – деді ол.

Ал орталық директоры бүгінге дейін 140 мыңнан аса адам көмек сұрап жүгінгенін айтты.

«Осындай Алғыс айту күні мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс айт­қым келеді. «Жанұя» орталығы ашылғалы бері барлық мемлекеттік мекемелер мемлекет саясатының жүзеге асуына еңбек етіп келеді. Орталығымыз негізінен көпбалалы, толық емес, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар бар отбасылармен тығыз жұмыс істейді. «Жанұя» ашылғалы бері 140 мыңнан аса адам жүгінді. Оның барысында 160 мыңға тарта мәселе шешілді, – деді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды