«Жанұя» қолдау көрсетеді

0 30

Елордадағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына ашылғалы бері 45 мыңнан аса тұрғын жүгініп, 65 мыңға жуық мәселе қарал­ған. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыда көмек беру.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылы ашылды, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік, 14 мекенжайында орналасқан. Орталықта заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік және «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметі ұйымдастырылған, «Халықты жұмыспен қамту» орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Кәсіпкер ана» қоғамдық қор өкілдері АӘК алу, баспаналы болу және бизнес бастау бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, қала тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =