«Жанұя» кімге көмектеседі?

0 85

Бас шаһардағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қолдау көрсетеді.Орталық «бір терезе» принципіне негізделіп, қала тұрғындарына (көпбалалы, толық емес, әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және т. б.) және азаматтардың жекелеген санаттарына кешенді консультациялық қызметтер көрсетеді. Білім басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй қоры, Отбасы банкі, «Кәсіпкер ана» бизнесті қолдау және дамыту орталығының өкілдері осы жерге топтасқан.
Сонымен қатар орталықта қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі. Қала әкімі және оның орынбасарлары көпбалалы аналарды осы жерде қабылдайды. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырылған. Компьютер, интернетпен жабдықталған сектор техникалық мүмкіндігі жоқ азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету порталдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 14. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 27-86-49.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + eleven =