Жануарларды қорғау қадағаланады

0 20

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерімен кездесті. Бір атап өтерлігі, қала әкімдігінің бастамасымен аталмыш мәселеге арналған кеңес құрылды. Оның құрамына тиісті ұйымға мүше азаматтар мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді. Ал кеңестің алғашқы отырысы осы қараша айында өтеді.

Қыс жақындап қалды. Астананың қысы қандай екенін бәріміз білеміз. Сондықтан жануарларға уақтылы күтім қажет. Қазіргі уақытта оларға арналған тәлімбақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қысқы қоршаулар салынуда. Сондай-ақ аумақтарды тазарту мәселесі шешілуде. Осы және басқа да өзекті мәселелерді қоғамдық кеңесте көтеру қажет. Бұл мемлекеттік органдардың да, жұртшылықтың да жануарларды қорғау жұмысының стратегиясын одан әрі әзірлеуге көмектеседі, – деді кездесуде ­Н.Солтамбеков.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − 5 =