Жануарлар жанашыры

0 65

Биылғы 1 сәуірден бастап елімізде балаларға арналған «Жануарлар – менің достарым» атты байқау басталған еді. Қазір оған республиканың әр түкпірінен 3000-нан аса жеткіншек қатысып отыр. Байқау маусымның соңында аяқталады.

Бұл сайыста балалар сурет қана емес, өздері жақсы көретін жануарлары жайында эссе де жазуға болады. Кейбір жеткіншектер бейнематериал да жіберген. Бірақ байқау шартында бейнеге түсіру болмаса да, олар жануарларға жанашыр­лығын сол арқылы жеткізгісі келген.
Балалар жазған эсселер­ден жануарларға деген қамқорлықты, мейірімділікті байқайсыз. Сәби жүректің лүпілімен ақ параққа түскен ой-толғаныстарынан тірі жан иелеріне қиянат жасауға болмайтындығын көркем жеткізген.
Мәселен, Ақжан Қайырбекқызы деген оқушының эссесі өз замандастарын ғана емес, ересектерді де ойландырады.
«Үлкен адамдар кішкентай ғана әлсіз төрт аяқтыларды қалайша қаңғытып жіберетіні менің миыма сыймайды. Тым болмаса оларды иесі жоқ жануар­ларға арналған орталыққа өткізуге болады ғой. Адам­гершілігімізді жоғалтпа­йықшы, үй жануары мен жер бетіндегі барлық жануарды қорғайықшы. Және өтінерім, үйсіз қалған жануардың жылы ұя, сүйікті қожайын табуына көмектесейік» деп жазыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =