Жануар тістеген жағдайда не істеу керек?

0 18

ҚҰТЫРМА (ГИДРОФОБИЯ) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, өлім-жітімге апаратын қауіпті жұқпалы ауру болып табылады.
Республикада жыл сайын адамдардың құтыру ауруы тіркелуде. 2020 жылы республика бойынша адамдардың өліммен аяқталған гидрофобия ауруының 2 жағдайы болды (Алматы қ., Шымкент қ.). Аурудың тіркелу себептері осы инфекцияға сақтықтың болмауы болып қалуда, антирабиялық препараттармен уақтылы қамтылмау фактілері бар.
Адамдар арасында құтырма ауруы көбінесе үй жануарларынан таралады. Әсіресе, қаңғырып жүрген үй жануарлары ит, мысық және жабайы жануарлар көп қауіп тудырады. Құтырма ауруы жануар тістегенде ғана емес, ауру жануардың сілекейі зақымдалған теріге немесе сілекей шырышына түскенде, сондай-ақ тұтас етті бұзу кезінде, ауру жануар­лар сілекейлеген заттар арқылы жұғады. Құтырма ауруының вирусы жануардың сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ тырнағанда немесе сілекейінің жарақаттарға түсуінен жұқтырып алуы мүмкін. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды зақымдайды. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен және ауру басталғанға дейін 3 күннен бір жылға дейін уақытқа созылуы мүмкін.
Жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда не істеу керек?
Дереу 10-15 минут ішінде жарақатты сабынды сумен мұқият жуу қажет. Жарақат ернеуіне 5% йод тұнбасын жағыңыз. Зарарсыздандырылған таңғышты байлап, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Құтырма вирусын жұқтыру мүмкіндік қаупін тек дәрігер (хирург, травматолог) анықтайды және сіздің, тістеу жағдайы, жануардың иесі туралы деректерді дәрігерге жеткізгеніңіз өте маңызды.
Құтырмаға қарсы вакцинация травматологиялық пункттерде және емханаларда тегін жүргізіледі. Белгіленген вакцинация курсын мезгілімен қабылдау қажет. Қазір бұрынғыдай ішке көп екпелер жасамайды. Бес екпе алсаңыз жеткілікті – вакцинация кесте бойынша «0», «3», «7», «14» және «28» күндері жасалады. Адамның құтыруын тек профилактикалық егулермен алдын алуға болады, олардың тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты. Есіңізде болсын, тек уақтылы жүргізілген антирабиялық вакцинация құтыру ауруының алдын алады! Вакцинацияның үзілген курсы адамды құтырудан қорғауға кепілдік бермейді.
Жануар иесі иттер мен мысықтарды ұстау ережесін сақтауға міндетті (тіркеу, жануарларды міндетті түрде құтырмаға қарсы егіспен қамтамасыз ету). Жануар­дың иелері басқа адамдардың алдында жауапты.
Осы шарадан басқа, барлығына қатысы бар жағдай:
– қаңғыма иттер мен мысықтардан сақ болыңыз, жабайы жануарларға жақындамаңыз, үйсіз иттер мен мысықтарға, жануарлардың өлекселеріне жоламаңыз;
– үй жануарларын қараусыз жүрген жануарларға қатыстыр­маңыз.
Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз!

Б.Ибраева,
Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті аса қауіпті инфекциялар мен
туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің жетекші маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − one =