Жансаяның жеңісі

0 12

21 жастағы қазақстандық шахматшы Гибралтарда өткен FIDE Women’s Grand Prix (FIDE әйелдер гран-при сериясының соңғы кезеңі) шахмат турнирінде жеңіске жетті.Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті FIDE Women’s Grand Prix турниріндегі жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды: «Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты. Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз» деп жазды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 4 =