Жанқұтты бидің табағы

0 139

Ел арасында «Жақсы Жәкем» аталып кеткен Жанқұтты Ботантайұлы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген. Жанқұтты өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай би былай деп батасын берген екен: «Ағайынға жағам десең – қазанды бол, халқыңа жағам десең – әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!».

Ол замандастары Кұнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған. Бүгінде Жанқұттының ет табағы жазушы Кәмел Жүністегінің қолында сақтаулы тұр. «Ескінің көзіне 200 жылдан астам уақыттың жобасы болып қалған шығар. Бұл табақтан Бес атаның игі жақсыларымен бірге, Байсейіт, Дүйсенбай, Қара, Дінәсіл сынды абзалдар да дәм татқан. Кенесарының да осы табақтан дәм татқаны туралы мынадай дерек бар. Оны Дінәсіл деген қожаның ұрпақтарынан естіп едім. Олар Шет ауданынан өтетін Қанақа өзеніне Кенесарының келген сапарында шомылғанын айтатын. Сол жолы Сұлтанды елдің басшылары қонаққа шақырып құрмет көрсетеді. Қасиетті жәдігер 1929 жылға дейін Жанқұтты бидің шөбересі Қарғажанның қолында болған. Ұлы кәмпеске басталғанда, бірде түнделетіп Қарғажан біздің немере әкеміз Көпжанға келіп: «Мына табаққа ие болатын сізден басқа ешкімді көре алмай тұрмын» деп атасынан қалған табақты табыстайды. Ал өзі бір түнде Алматы жаққа қашып кетіп, бас сауғалайды.
Көпжанның жалғыз ұлы Әлі әкесінің алдында дүниеден өтті. Одан кейін көп ұзамай әкеміз де өмірден озды. Жеңгемізден табақты біреулердің сұрап алып кеткенін естіп білдім. Жәдігердің жайын сырттай біліп жүріп, Жанқұттының ұрпақтарына аталарыңның көзі ғой, әулеттеріңде ұстаңдар деп едім, аса ниет білдіре қоймады. Содан бір тайымды беріп, табақты алдырып едім. Бұл жәдігердің бар құпиясы осы» дейді Кәмел аға.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + eighteen =