Жаңғырту жалғаса береді

0 41

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің таяуда «Орбита» және «Территория комфорта» тұрғын үй кешендері тұрғындарымен кездесуінде үйлерді жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Тиісті жұмыстар басталды. Қала басшысы соны бақылап қайтты.

– Биыл ауқымды жұмыс атқарылады. Тұрғын үй кешендері қаптамасы тұрғындарға қауіп төндірмеуі тиіс. «Орбита» және «Территория комфорта» тұрғын үй кешендерінің салынғанына көп болмаса да, жел тұрған сайын плиткасы құлай бастайды. Витраждары да дұрыс орнатылмаған. Қазір жөндеу басталды. Қаптамасын ауыстырып, витраждарды қайта монтаждаймыз. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйесі мен жылыту жүйесін жөндеп, басқа да мәселелерді шешетін боламыз, – деді А.Көлгінов.
Қала әкімі Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыр­ту бағдарламасы аясында биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделетінін, 100-ден аса лифт жөнделіп, кейбіреуі жаңасына ауыстырылатынын атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + six =