Жаңғырту бағдарламасы жалғасуда

0 107

Серік Нокин, Өңірлік даму вице-министрі:

– Серік Кеңесұлы, «Тұрғын-үй коммуналдық шаруа­шы­лы­ғын жаңғырту» бағдарламасының барысы қалай?
– Бұл бағдарлама бүгінгі таңда халықтың тұрмыс жағ­дайын жақсарту мен тұрғын үйлердің жайлылық деңгейін көтеруге бағытталған. Жылу, газ және электрмен қамта­ма­сыз ету, көпқабатты үйлерді нор­ма­тивтік қалыпқа келті­ру тиім­ділігін арт­тыруды көздейді.

– Бағдарлама шеңберінде өткен жылы нақты қандай жұмыстар ат­қа­рылды?
– 2011-2012 жылдары желілер мен ком­му­налдық нысандарды жаңғырту, рекон­струкциялау және жөндеу бойын­ша 107 инвестициялық жоба іске асы­рылды. Екі жылда жал­пы ұзын­дығы 1167,6 шақырымға жуық инже­нерлік желілер, оның ішінде 131,2 ша­қырым – жылу трассалары, 517,2 ша­­қырым –электр желілері және 14 қазандық іске қосылды.

– Соңғы кездері тұрғын-үй саласында энергиялық ресурстардың өнімсіз ысырабы туралы көп айтылуда. Жалпы, энергетикалық тексеріс қалай жүргізіліп жатыр?
– 2010-2012 жылдары 835 ғимаратта осындай энергетикалық тек­серістер жүргізілді. Тексеріс нәти­жесінде тұр­ғын үйлердің тиімділігі туралы анық мәліметтер алын­ды. Бұл ғима­рат­­тар қан­ша­лықты қолданыстағы ере­же­лер мен стан­дарттарға сәйкес келе­тінді­гін бағалауға мүмкіндік береді.

– Энергетикалық тиімді орам жо­ба­сы туралы қысқаша айтып бер­сеңіз…
– Аталмыш жоба Күйші Дина көше­­сінің аумағын қамтиды. Осылайша, орталықтандырылған есептеу құрал­да­рын дұрыс орнату арқы­лы энерге­ти­ка­лық тиімділікті артты­руға қол жеткізуге болады. Жоба шең­бе­рінде шағынаудан инфрақұры­лымын тиімді басқарудың жаңа үлгісін апробация­лау жоспарланған, бұл энергия ре­сурс­тарына деген шығынды төмендетеді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 7 =