«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңаша идеялар жолы

0 231

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «RocketFest» атты жастарға арналған кең ауқымды ойын-сауық білім фестивалі өтті.

Алғаш байрағын көтерген бұл іс-шараға 1000-нан аса жастар жиналып, олар уақыт талабына сай өздерінің жеке және кәсіби қасиеттерін дамыту, оны насихаттау жайында осы бағытта жақсы жетістікерге қол жеткізген азаматтармен жүздесіп, емін-еркін әңгіме өрбітті.
Фестиваль бағдарламасы «IT», «Әлеу­меттік медиа» және «Ғылым» атты үш модульге бөлінген. Олардың әрқайсысы бірнеше бағыттарды қамтиды. Мәсе­лен, «А2» супермаркеттер желісін ұйымдастырушы Ілияс Исатаев пен «Astana Hub» IT-стартаптарының халықаралық технопаркінің негізін қалаушы Мағжан Мәдиев бағдарламалар дағдыларын дамыту, бизнесте өз орныңды дұрыс табу жолдары, сондай-ақ жаңа IT-технологияларының келешегі мен мүмкіндіктері туралы салмақты сөз сөйледі. «Әлеуметтік медиа» модулі аясында «Алмата, Штат Небраска» жобасын қалаушылардың бірі Әшім Біржан, маркетолог «Yuframe» Расул Абдуллаев, режиссер, сценарист Қуаныш Бейсеков, «Bloggers» агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Камалладин секілді азаматтар әлеуметтік желілерде вирусты контент жасауға, интернет-аудитория үшін сапалы материал дайындауға байланысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «BeichTech» коммуникация жөніндегі директоры Саясат Нұрбек пен «Rocket Study» білім орталықтарын ұйымдастырушы, кәсіпкер Арслан Даримовтың жаңаша идеялар жолы жайындағы ойлары да жастардың қызығушылығын туғызды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды