«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңару мерекесіне суретшілер шашуы

0 562

Ұлттық музейде қылқалам шеберлері Бәтима Зәуірбе­­ко­ва, Гүлжамал Тагенова және Елена Тё шығармашылы­ғы­­нан сыр шертетін «Наурыз. Жаңару» көрмесі ашылды. Экс­по­зицияға көркемсурет және гобелен техникасымен орын­далған әр жанрдағы 100-ден астам жұмыс қойылды.

Бәтима Зәуірбекова – белгілі гобелен шебері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері. Оның туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Ұлттық музей залдарына және Қазақстан Президентінің Резиденциясында қойылып, АҚШ пен Еуропаның жеке коллекцияларында тұр. Ал бұл көрмеден суретшінің «Ана мен сәби», «Қыз ұзату», «Сәукеле киген ару», «Жібек жолы», «Шығыс әуендері» сынды жұмыстарын тамашалауға болады.
Гүлжамал Тагенова қала кө­шелері мен алаңдары, замандас құрбылары мен шығыс аруларының бейнелерін шығар­машылығына арқау етеді. Бұл «Алматыдағы таң», «Әдемі-ай», «Сіңлілер», «Қызғалдақ ұс­таған қалыңдық», «Венецияны аралағанда» картиналарынан көрінеді.
Елена Тё пейзаждар мен портреттерге, натюрмортқа әуес. Өз картиналарын ол Голландия мен Франция импрессионистердің дәстүрінде салады. Шығыс та­қырыбы да оған жат емес. Оған «Бу­таковкадағы күз», «Қыз қуу», «Естелік» жұмыстары дәлел.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды