Жемқорлықтың жолын кесетін заң

0 15

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы арқылы талқылауға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, ғалымдар, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Жемқорлық

Талқыланған заң жобасының маңыздылығы туралы айтқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар шығыс­тарының негізсіз байығаны үшін жауапкершілікті белгілей отырып, олардың табыстары сәйкестігіне бақылау енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыру сияқты нормаларға назар аударды.
Заң жобасымен 11 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекске және 8 заңға түзетулер енгізіледі. Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары ­Олжас Бектенов заң жобасында ұсынылатын нақты тетіктерге тоқталды. Атап айтқанда, шенеуніктердің шығыстары олардың кірістеріне сәйкес келмегені үшін осы жылдан бастап басталған жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде салықтық әкімшілендірудің қолда бар құралдарын пайдалана отырып жауапкершілік енгізу ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыру мақсатында, атап айт­қанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тартуға немесе лауазымынан босатуға немесе тәртіптік комиссияның ұсынымынсыз басқа лауазымға ауыстыруға болмайды деп бекіту ұсынылады. Ал адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық енгізе отырып, оны құпия ақпаратқа жатқызу ұсынылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + 9 =