ЖАҢА ЖЫЛҒА СЫЙ ЖАСАҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

0 124

IMG_9430

Өткен сенбі-жексенбі күндері Астана әкімдігінің жанындағы Орталық алаңға тігілген 126 шатырда Шығыс Қазақстан облысының екі қаласы мен он алты ауданынан жеткізілген, жиынтығы 115 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Астаналықтар Жаңа жыл алдында нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан ет пен сүт, макарон өнімдерін, жарма түрлерін, сондай-ақ, шығыс өңірінің бренді – бал мен панта сатып алуға мүмкіндік алды.

Жалпы, облыс диқандарына биыл табысты жыл болды. Олар соңғы 10 жыл ішінде болмаған рекордтық өнімді ысырапсыз жинап алды. Орташа есеппен әр гектардан 18,3 центнерден өнім алған шығысқазақстандықтар миллион тоннадан артық астық дақылдарын қамбаға құйды. Сонымен бірге күнбағыс, бау-бақша өнімдерін де мол болды.

– Жылдың соңында елдің бір аймағы Астанаға керемет тарту жасап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, ел аймақтары керуен тартып, күзде Астанаға келе­тіні бар. Бұл – жақсы дәс­түрге айналған еді. Енді Жаңа жылдың қарсаңында ең ірі ай­мақ­тарымыздың бірі – Шығыс Қазақстан өзінің біріншіден – мә­дени күндерін, екіншіден – осындай жәрмеңкесін өткізуде. Шығыс Қазақстан биыл Астанада екінші рет әдемі жәрмеңке ұйымдастырды, сондықтан олар­дың Астанаға деген жылы ілти­паты үшін рахметімді айтқым келеді, – деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз кезегінде: «Ұлтымыздың, мем­лекетіміздің дамуы Астанаға бай­ланысты. Сондықтан әрбір өңір Астана үшін жұмыс жасауы керек. Жаңа жыл алдында боранға, аязға қарамай келгендегі мақсатымыз – Астана халқына арзан азық-түлік өнімдерін сатып, көңілдерін көтеру» деді.

Шығысқазақстандықтар осы жолы қатонқарағай ауданындағы марал шаруашылығымен айналысатын «ақсу-дэн» зауы­тының өнімдерін әкеліпті. Зауыт директорының орынбасары алтын рахымбаеваны сөзге тартқанымызда ол: «шығыс қазақстанда бұрыннан келе жатқан «ақсу» және «маралды» аталатын екі марал ша­руашылығы бар. Біздің зауыт оңтүстік кореялық жаб­дық­тармен жұмыс істейді. Сонда маралдың мүйізі мен қанынан биологиялық заттектерді жасап шығарамыз. Швейцария­дан – сертификат, франция мен ресейден алтын медаль алып, «қазақстанның үздік тауары» атағын иеленгенбіз. Панта – халқымызға өте керек. Себебі, көбінің денсаулығы нашарлап кетті. Ал, біздің өнім мидың, асқазанның жұмысын жақсартады, шаршап, қажыған адамға күш-қуат береді» деген еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + nine =