Жаңа жыл жыры

0 126

Мереке қарсаңында астаналық балалар Елбасының жаңажылдық тосын сыйына ие болды.
Астана қаласындағы Оқушылар сарайында өткен Президент шыршасында ата-анасының қамқорлығынан айырылған, көп балалы отбасынан шыққан, балалар үйінде тәрбиеленетін және ең дарынды 150 елордалық балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құны 75 мың теңге болатын мерекелік сыйлықтар жиынтығы тапсырылды.

Сый-қораптың ішінде ойын­шық, тәт­тілермен қоса соң­ғы үлгідегі планшет те бар болып шық­­­ты. Ба­ла­лардың өз қалауы бойын­­­­ша дайын­­­дал­ған бұл сый­лық олар­­­дың тө­бе­сін көкке жет­кізді.

Ал, өзінің балаларға деген ақ ті­легін Елбасы бейнеэкран арқылы жолдады.
«Бүгін байтақ еліміздің бар­лық өңірінде өнерлі балалар жа­ңажылдық шыршаның айна­ласына жиналды. Жаңа жыл – ең алдымен балаларға қуаныш сый­лайтын мереке. Мен сендер ар­қылы барша қазақ­стандық балаларды келе жатқан Жаңа жыл ме­рекесімен құттықтаймын» деді Президент.

Еліміздегі интеллектуалды мек­теп­тердің, әлемдік деңгейдегі жо­ға­ры оқу орын­дарының ашылуы бала­­­лар­дың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жасампаз ең­­бек екен­дігін айтты.

«Тәуел­сіздік арқылы біздің ұлы ота­нымыз жылдан-жылға өр­кен­­дей түсуде. Қазір дүниежүзі қазақ елін құрметтейді. Сендер осын­дай ерекше елде өсіп келе жат­­қан бақыт­ты ұрпақсыңдар. Ата-ана­ларыңды қуантыңдар. Зерде­лі ­де зерек, білімді де білікті болып өсіңдер. «Өнер білімнің – кені, өркенді елдің теңі болыңдар» деп тіледі.

Шырайын бермейтін жасыл шыршадай жайнап өсулеріне тілектестігін білдірді.

Астана қаласы Білім басқарма­сының бастығы Әсима Бимендина өз сөзінде 2012 жылдың бар­ша қа­зақ халқы үшін ерекше оқиғаларға толы болғандығын айтады. Әсіре­се, жыл аяқталар тұста Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стра­те­гия­сының жариялануы келер жылды жаңа жоспармен, тың идея-лармен бастауға серпін бергенін атап өтті.

Жаңажылдық қойылым «Қа­зақ­стан­ның жұлдызды қадам­да­ры» деген тақырыппен өрбі­ді. Әр­бір сах­налық көрініс еліміз­дің тәуел­сіздік жылдары қол жеткіз­ген же­тістіктерін суреттеді. Балғын­дар ер­тегі кейіпкерлерімен бірге тәуел­сіз Қазақстанның өткені мен ке­лешегіне саяхат жасады. Со­­нау мұхит асып жеткен кейіп­кер – әйгілі жаһанкез Хрис­то­фор Ко­лумб бейбіт аспан ас­тын­да ғұ­мыр кешіп жатқан қазақ­стан­дық балалардың әлемдегі ең бақытты балалар екеніне күмән келтірмейтінін айтты. Осылайша, балалар жаңажылдық шырша ма­ңы­нан ертегі кейіпкерлерімен қа­тар та­рихи тұлғаларды да жо­лық­тырды. Бұдан бөлек, ән ай­тыл­ды, би биленді, мерекелік дастархан жайыл­ды.

Жаңажылдық шараға эстрада жұлдызы Бақыт Шадаева мен бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев те арнайы келіп, бала­ларға мерекелік тілегін білдірді.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =