Жаңа жұмыс орындары ашылады

0 42

Қала әкімдігінде онлайн форматта инвестициялық кеңес өтті. Бұл кеңесте қолдау тапқан жобалар елордада жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы инстаграмдағы парақшасында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.«Елорданың өсу қарқыны мен қаладағы халық санының артуын ескере отырып, инфрақұрылымды дамыту, қажетті нысандарды салу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылысқа жеке инвесторларды да тартамыз. Бүгін онлайн-форматта инвестиция­лық кеңес өтті. Инвесторларға ел басшылығының тапсырмасына сәйкес қолайлы жағдай жасап, инвестклиматты жақсарту үшін жұмыс істейміз» деп жазды елорда әкімі.
Инвестициялық кеңестің отырысында жекеменшік емханалар, фиброцементтік плиталар шығаратын зауыт, фармацевтикалық препараттарға арналған тарату орталығы, білім беру мекемелері және т.б. құрылыс жобалары қолдау тапты. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде бас қалада 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады.
«Сонымен бірге жобалары қолдау тапқан 40 инвестормен онлайн-кеңес өткіздік. Қолдау көрсетілген жобалардың қазіргі ахуалын, қандай көмек қажет екенін анықтадық. Инвесторларға қажет көмекті көрсетеміз. Қала мен тұрғындар қажет ететін жобаларды қолдаймыз» деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =