ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЖЕМІСІ

0 123

Енді елордалықтар ауа райының қолайсыздығы, тас жолдардың ашылуы мен жабылуы және оқу орындарындағы сабақтың болмауы туралы мәлімдемені уақытылы біліп отырады. Мұндай тамаша мүмкіндікті Интеллектуалды байланыс орталығы ұсынуда.

Заманауи мекеме «Smart Astana» мобильдік қосымшасы, «Facebook», «Instagram» және «Twitter» әлеуметтік желілеріндегі «Astana 109» ресми парақшалары, сондай-ақ, қалалық және мобильдік телефондардан «109» нөміріне тегін қоңыраулар арқылы өтінімдерді қабылдайды және хабарламаларды жібереді. Биылғы қаңтардың өзінде бұл орталық 64230 өтінімді өңдеді. Оның ішінде келіп түскен 27035 қоңырауға операторлар жауап берді, 37195-іне автоматты түрде жедел ақпарат жолданды.

Өткен айда байланыс орталығы «Facebook» және «Instagram» желілерінде #astana109 хэштегін белгілей отырып, азық-түлік бағаларының негізсіз өсуі жайлы хабарлауды ескерткен еді. Халық көрсеткен фактілер Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылады. Ондағы қызметкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа өлшенген құнын тексеріп, күнделікті мониторинг жүргізеді. Осылайша шаһардың ірі және орта сауда нысандарындағы азық-түлік бағасының ең төмен және ең жоғары мәндерін анықтайды.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 16 =