Жаңа жоба жол тартады

0 16

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында жақында «Абай институты» ашық білім беру жобасы жұртшылыққа жол тартады.

Аталмыш жоба алдымен қазақ тілі мен әдебиетін және мәдение­тін дәріптеуді көздейді. Сонымен бірге мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республикада және шетелде қазақ тілінде ашық білім алуды жүзеге асырады. Қазіргі күні «Отандастар» қорымен бірлесіп, бес мемлекетте – Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқыту курстары жұмысын бастады.
Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, тіл үйренуге, бір халықтың әдебиетін, тарихын және жалпы болмыс-бітімін насихаттайтын мұндай тәжірибе жеткілікті. Дүниежүзі бойынша осындай 25-ке жуық орталық бар. Солардың ішінен әлем таныған бір-екеуін айтсақ, мәселен, түріктің Юнус Эмре институты мен немістің Гёте институты. Бұлар тіл үйретумен шектелмей, мәдениетаралық өзара байланыс пен әлеуметтік құндылықтарды түгел қамтиды. «Абай институы» осылардың лайықты серіктесі ретінде қазақ тілін шетелдердегі қазақ диаспорасына, сонымен қатар тарихымызға қызығушы шетелдік және еліміздегі қазақ тілін жеткілікті көлемде меңгермеген азаматтарға үйретуде рөлі айрықша болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 16 =