ЖАҢА ЖОБА ТҮСІНДІРІЛДІ

0 126

Астана қаласының ішкі саясат басқармасының ұйым­дастыруымен Қазақстан Республикасы Статистика агент­тігінің төрағасы Әлихан Смаилов зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа заң жобасын түсіндіру мақсатында қалалық Статистика департаментінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мен Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде кездесулер өткізді.

Ауқымды шара барысында азаматтардың зейнетақы жи­нақ­­­тарының сақталуы мен оның табыстылығын арттыруға қатысты мәселелер жайы сөз болды. Сонымен қатар жаңа жобада қарастырылған қосымша шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, зейнеталды жасындағы әйелдердің жұмысқа орналасуы кезінде кемсітушілікке жол бермей, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейту мәселелеріне тоқталды. Статистикалық дерек бойынша, экономикалық тұр­ғыдан белсенді халықтың саны тоғыз миллион болса, оның ішінде 2,7 млн адам өз бетінше жұмыспен айналысатындар болып саналады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуын міндеттейтін жобаның жаңа талаптары түсіндірілді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − three =