ЖАҢА ЖОБА ҚАНАТ ҚАҚТЫ

0 130

68c28fddad4b34bd43d41dbc27f78d3e

Қазақстанға соңғы он жылдың көлемінде 3 миллион компьютер әкелінген екен. Соңғы жылдары компьютерлер, ұялы телефондар, баспа платалары, мониторлар, теледидарлар, принтерлер және басқа да электронды тауарларды қоса алғанда «электрондық қоқыстың» саны артқаны мәлім. Бұлардың құрамындағы ауыр металдар мен тұрақты органикалық ластағыштар қоршаған ортаға, адам денсаулығына зиянын тигізеді.

Кеше Орталық коммуникация­ларқызметінің брифингіндеҚоршаған орта және су ресурстары министрі НұрланҚаппаров БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Самсунг электроникс» ком­паниясының электрондыққал­дықтарды басқару жөніндегі бірлескен жобасымен таныс­тырды. Бұл жобаҚазақстан Рес­публикасының Президенті алғақойып отырған міндеттер аясын­дағы мемлекеттік басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-жекеменшікәріп­тестіктің жарқынүлгісі болып отыр.

«Жоба аясында сондай-ақ, электрондық техникалар сататын орындардаұялы телефондар жинауға арналған экологиялық жәшіктер орнату, электрондыққалдықтардың зияндығы және оларды жоюдың жолдары туралы халықтың білімін арттыру бойынша ақпараттық науқандарөткізу жоспарлануда», – деп түйіндедіөз сөзін министр Н.Қаппаров.

 

Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 12 =