Жаңа жабдықтар жеткізілді

0 33

Нұр-Сұлтан қаласындағы №12 емхана мен отбасылық денсаулық орталығына СOVID-19-ға диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы цифрлық рентген аппараттары жеткізілді. Жабдық жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар медициналық мекемелерге барып, күзгі маусымдық жұқпалы респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың өсуін ескеріп, ұйымдардың індеттің екінші толқынына дайындығын тексерді.
Сапар барысында әкімнің орынбасары рентген аппараттары орнатылған сүзгі және рентген кабинеттерінің жұмысымен танысты.
Елордада COVID-19 ауруының өсуі тіркеліп отыр­ғандықтан жауапты тұлғалар қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маска тағуға және қашықтықты сақтауға шақырады.
Бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентраторы, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр, 1600-ге жуық оттегі нүктелері және т. б. орнатылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + twenty =