Жаңа вокзал жайлы ма?

0 141

Алмас ТОҚАБАЕВ:

– Санада модернизация болмаса, жаңа заман жақсылығын түсіну қиын. Ол үшін:
1. Пойызға 1 сағат ерте келу керек. Аэропорт сияқты. Тексеру, шығу, отыруға жетеді. Қазір көп пойыз есігі ерте жабылады.
2. Ауыр сөмке алмау керек. Вокзал да, пойыз да оған есептелмеген. Аэропорт сияқты. Тегін арба бар, барып алуға болады. Ол үшін 2 сағат ерте бару керек. Немесе аэропорт сияқты жүк бөліміне өткізуге болады. 30 кг дейін тегін.
3. Вокзалда бәрі түсінікті, тек табличкаларды оқу керек. Тіпті болмаса сұрауға болатын кезекші толып жүреді.
4. Ең ыңғайлысы, келген нөпір мен кеткен нөпір кездеспейді. Ол өрт сияқты төтенше жағдайда өте ыңғайлы. Ескі вокзалда қандай давка болатынын елестете беріңдер.
5. Қала бағасымен супермаркет, кафе, санитарлық нормалар сақталған, таза, жарық. Транзиттік жолаушылар үшін тіпті керемет. Қаңғыбастар жоқ.
6. Бонус. Кезекші жастар амалдың жоғынан жүрген жоқ, олар – стажерлар. Болашақ жолсерік, теміржол мамандары. Тәжірибе алады.

Әсима ҚҰЛЫМБЕТОВА:

«Нұрлы жол» туралы мәселе қозғалғаны дұрыс болды. Жүгі жоқ жолаушы болмаса, анау-мынау адам перронға жете алмай қатты қиналады-ау?! Ал асыға қоймайтын қазаққа тіпті қиын. Эскалатормен жоғары-төмен шығып, терлеп қаласың да, қайтадан төбесі ашық алаңқайға шығатының-ай… Жел күндері қалпақтай ұшасың, салқын тигізіп. Әр есіктің алдында жөн сілтеп тұратын қызметкерлер сол тұрыстарына намыстанар ма екен деген ой қылтияды, ағайын. Есіктер ашық болса, шығар жолды нұсқаған табличкалар айқын болса, қара танитын адам жолын тауып шығады емес пе? Әлемде жоқ вокзалдың кем-кетігіне көңіл бөліп отырса, біршама жөнделіп қалар. Сондай-ақ осы «Нұрлы жол» қабылдайтын пойыздардың бәрі ескі вокзалды басып өтеді екен ғой. Ендеше ескі вокзалдан өтетін уақытына билет сатуға болмай ма? Қолайына қарай, қалағаны ескіден, қызық көргені жаңадан мінер еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + six =