ЖАҢА ТАРИФ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0 116

a585c57a646df648a15d2dfd819

1 шілдеден бастап Астана – Щучинск ақылы жолдарының жаңа тарифі іске қосылады деп хабарлайды «ҚазАвтожол» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен жалпыға бірдей қолдануға ар­нал­ған республикалық маңыз­дағы Астана-Щучинск автокөлік жол­дарының І-а учаскесінде, яғни, Астана – Петропавл бағытына жүк көтеру мүмкіндігі 15 тоннадан асатын жүк көліктеріне жаңа тариф енгізілді. Жүк көлігінің бұл жолмен жүру ақысы оның масса­сына байланыс­ты болмақ. Мәсе­лен, жаңадан енгізілген ереже бо­йынша 15 тоннадан артық көтеретін жүк көліктердің бір бағыттағы барлық жүрісі 5200 тең­гені құрай­тын болады» делінген алдын ала таратылған хабарламада.

Жаңа тариф енгізілгенге дейін жүкті тасымалдаушы мен оны қабылдап алушылар жүріс ақысын бірігіп төлейді. Ал, 10-нан 15 тоннаға дейін артатын жүк көліктерінің бір бағыттағы жүріс ақысы ол кезде 4200 теңгені құрайды.

Жол қызметін пайдалану ақысы арнайы орнатылған терминал арқылы төленеді: ақшалай, тиын­мен, банк картасымен немесе транс операциялар арқылы төлем жасауға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − three =