Жаңа саябақ салынып жатыр

0 26

Алматы ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы аудан аумағында 6 жаңа қоғамдық демалыс орны ашылды.

Скриншот 02-09-2021 190739
Скриншот 02-09-2021 183907
Скриншот 02-09-2021 184034
Скриншот 02-09-2021 184104
Скриншот 02-09-2021 184138
Скриншот 02-09-2021 184224
Скриншот 02-09-2021 184322
Скриншот 02-09-2021 184413
Скриншот 02-09-2021 184627
Скриншот 02-09-2021 184646
Скриншот 02-09-2021 185842
Скриншот 02-09-2021 190326
previous arrow
next arrow

Биыл Абылай хан даңғылы, 52, 54 мекенжайларында қоғамдық кеңістік пайда болды. Бөртегүл бағы салынып, Отан қорғаушылар алаңында NS Streetlife алаңы ашылды. Бұл – екі деңгейлі мультифункционалды алаң. Колизей – спорттық шаралар өткізуге таптырмас орын. Мұнда қала тұрғындары баскетбол, футбол ойнап, әртүрлі жарыстар өткізе алады.
Бұған қоса, қаланың жаңа жағажайы, «Сарайшық» көпірі бойында аллея, Есіл өзенінің бойындағы ойын алаңы ашылды. Осы алаңда үлкен құмсалғыш төбелері бар төбелер, түрлі ойын элементтері, қос қабатты бақылау палубасы орнатылды. Қазір Есіл өзені бойындағы жаңа саябақ салынып жатыр.

Алматы ауданының әкімдігі Урбанистика орталығымен бірлесіп осы саябақта памп-трек­терді, скейт-алаңдарды, баскетбол және волейбол алаңдарын, теннис кортын салып жатыр. Осы аумақты көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 1000-нан астам ағаш отырғызылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =