«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа қаулыда не жаңалық?

0 22

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда қайта екпе салдыру туралы айтылған.

DSC_0695

Е.Қиясов жекелеген жағдайларда Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізу туралы айтты.

Қаулыда жазылғандай, ­Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде қорғау мақсатында шетелге шығатын адамдарға; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бо­йынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде қайта екпе салынады.

Сондай-ақ шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және Work&Travel бағдарламасы бойынша баруды жоспарлаған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емдеуге жіберілетін науқастарға, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға да қайтадан вакцина салу міндеттеледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды