©2020 Астана Ақшамы
ЖАҢА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Кәрім Мәсімов ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлады Қазақпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидатты депутаттар бірауыздан қолдады. Барлық 105 депутат дауыс берді. Мемлекет басшысы отырыс барысында К.Мәсімовті Үкімет басшысы ретінде тағайындау туралы тиісті құжатқа қол қойды.
Соның алдында ғана Президент Үкімет басшысы отставкасын қабылдаған болатын. Үкімет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдің отставкасының аясында барша Министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтататылады. Сонымен қатар жаңа үкімет қалыптасқанша құзыреттілік сақталады.