Жаңа пойыз жолға шығады

0 157

22 тамыз күні  «Астана-Атырау» бағыты бойынша  №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы жолға шығады.  

Жаңа пойыз төрт күнде бір рет қатынайды. Астанадан Атырауға дейін жол ұзақтығы – 22 сағат 57 минут, ал  Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минут. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады.  Жолаушы вагондарынан бөлек, «Гранд» , «Бизнес» және  «Турист» санатындағы  арнайы орындар қарастырылған.  Вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе бар.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =