Жаңа өндіріс ашылды

0 30

Премьер-министр Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды. Кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін шығарады. Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған.

Бүгінгі таңда жергілікті өндіріс деңгейін 30 пайызға дейін жеткізумен, оны 50 және одан да көп пайызға ұлғайту үшін ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда. Өндірістік цикл кезеңінде жергілікті өндіріс деңгейі «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-ның заманауи технологиялармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне еліміздегі басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұйғарымы бойынша 1500 ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлеріндегі бойынша медицина мекемелеріне жеткізіледі. ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерін оқытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 тәртібінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікпен қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.
Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-министрдің орынбасары Р.Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Денсаулық сақтау министрі А.Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 4 =