ЖАҢА ОДАҚ ЖАЙЫН ҚОЗҒАДЫ

0 133

ЕО

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімованың қатысуымен брифинг өтті.

«Еуразиялық одақ туралы келісімшарттың институционалдық бөлімі» тақырыбымен өткен жиында Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді тұстарына тоқталды. Алдағы уақытта жаңа серпін алған ортақ нарықтағы экономиканың өсімі есебінен азаматтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, мүше елдер арасындағы барыс-келіс жеңілдеп, отандық өндірушілердің нарықтық кеңістігі ұлғайып, экономика саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты. Сонымен қатар, экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақ аясында оқу орындарының дипломдарын мойындау мәселесiнде оң өзгерістерін болатынын жақсылыққа балады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев атқарылған жұмыстарға шолу жасап, өз ойымен бөлісті. «Біз келісімді саясиландыруға жол бермедік. Одақ тек қана экономикалық байланыс негізінде жұмыс жасайды. Қазақстанның позициясы арқасында келісімнен жалпы азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, төлқұжат-виза саласы, шекараны ортақ қорғау, экспорттық бақылау тәрізді т.б. сұрақтар алынып тасталды» деді министр орынбасары.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =