Жаңа нысандар жоспарымен танысты

0 31

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінде болып, бас қаладағы туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары аясында дамытып жатырмыз. Бұл дегеніміз – әлеуметтік нысандардың, қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлердің, оқу орындарының, медициналық орталықтардың, спорт нысандарының қадамдық қолжетімділік қағидатына сай орналасуы. Барлық бағыт бойынша құрылыс көлемін айтарлықтай арттырдық. Қаланы ауқымды көгалдандыру жұмысына ерекше тоқталдым. Биыл 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызамыз. Олардың басым бөлігі, соның ішінде елорданың жасыл белдеуіне отырғызылды. Сондай-ақ театрларымыздың аумағында, саябақтарда және басқа да қоғамдық кеңістіктерде «жасыл аралдар» ашылды. Мысалы, «Астана Опера» аумағында – емен бағы, Триатлон паркінде – сирень бағы, «Астана Балет» аумағында – жасыл бақ және тағы басқалар. Қазір қаланың барлық ауданында күзгі ағаш отырғызу жұмысы жүріп жатыр» деді А.Көлгінов.
Сондай-ақ Елбасының назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды. «Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын «жасыл белдеу» қоршаған ірі мегаполиске айналды» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + fourteen =