©2020 Астана Ақшамы
Жаңа нысандар бой көтереді
Биыл елордада жаңа денсаулық сақтау нысандарын ашу жоспарлануда деп хабарланды astana.kz сайтында.
Жоспарланған медициналық нысандардың қатарында сол жағалауда орын тепкен 500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емхана кешені, 250 орынды балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы, 150 адамдық емханасы бар 250 төсектік медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы бар. Сонымен қатар, ересектер мен балалар емханасы да есік ашады деп күтілуде.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ