©2020 Астана Ақшамы
Жаңа мұз айдыны
Елордада қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрама жаттығу өткізетін жаңа мұз айдыны ашылды.
Жаңа спорт сарайы «Сарыарқа» велотрегінің жанынан бой көтерді. Кешеннің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрайды және 2 жаттығу залы жұмыс істейді. Мұз айдыны жабық кешенде орналасқандығына қарамастан онда көрермендерге арналған 350 орын бар.
Спорт сарайының ашылу салтанатында 300-ден астам адам жиналды. Салтанатты шара барысында мұз айдынына жиналған халықтың сырғанап көруіне мүмкіндік беріліп, ашылу салтанаты бұқаралық коньки тебуге ұласты.
Ербол ЖАНАТ