Жаңа монетаны айналысқа шығару туралы

0 114

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталық филиалы (Астана қ.) 2013 жылғы 19 сәуірден бастап номиналдық құны 500 (бес жүз) теңгелік «Арқар» монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды. 

2013 жылғы 19 сәуірде айналысқа шығарылды Монетаның пішіні он екі қырлы. Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жағында екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Сол жағында шауып бара жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаның өн бойына күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шоқырақтаған арқардың алтын жалатылған бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде спиральдің геральдикалық бейнесі және мемлекеттік тілде «АРҚАР» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «LYING ARGALI» деген жазу бар.

Монетаның өн бойына күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 5 мың дана.

ҚР Ұлттық банкінің Орталық филиалы (Астана қ.)

Жаңа монетаны айналысқа шығару туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталық филиалы (Астана қ.) 2013 жылғы 19 сәуірден бастап номиналдық құны 500 (бес жүз) теңгелік «Сүйіндір» монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «500» саны және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі симметриялы түрде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қызының сәбиі үшін анасының тұмар беріп жатқан сәті көрсетілген Сүйіндір салты бейнеленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «СҮЙІНДІР» деген жазу. Күміс монетада – монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

ҚР Ұлттық банкінің Орталық филиалы (Астана қ.)

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 9 =