ЖАҢА МОДЕЛЬ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

0 108

Бұрнағы күні Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің жыл қорытындыларына арналған брифингтер топтамасы басталып, оған қатысқан Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бойынша кадрларды іріктеу және жоғарылату қағидаттарымен таныстырды.

Мемлекеттік қызметкерлер биыл «А» және Б» корпусына бөлінгені белгілі. «А» корпусына еншілі 540 жоғары лауазымды қызметке тұру үшін 2024 өтініш келіп түскен екен. Біліктілік талаптары бойынша 1851 үміткер тестілеуге қатысып, қорытындысында 1122 адам әңгімелесуге жіберілген. Соның нәтижесінде «А» корпусы­ 30 пайызға жаңартылып, олармен 4 жылға еңбек келісімшарты жасалды. Осындай статистикамен таныстырған Ғабидулла Әбдірахымов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «А» корпусына өткен­дерге жүктеген міндеттер легіне тоқталды.
Орталық және жергілікті атқа­ру­шы органдар арасында­ уәкі­лет­­тік­­­тер­дің бөлініп, нәтиже­сін­де жергілікті атқарушы орган­дар­­ қо­сым­ша уәкі­лет­тікке, инфрақұрылымдар мен қар­жыға және кадрларға ие болды. Әлеу­­мет­тік, әкімшілік және ком­му­нал­дық құры­лымдар бойынша ауыл әкім­­де­­ріне 67 функция белгіленіп бері­л­ген. Сонымен бірге, Прези­дент­ әкім­шілігі жетекшісінің орынбасары тамыз айында өткен ауыл әкім­дері­нің­ сайлауы Қазақстан үшін үлкен сынақ пен тәжірибе болғанын, жалпы, биыл Елбасының Жар­лығымен түрлі дең­гейдегі әкім­дердің халық алдында есеп беру тәртібінің өзгергенін айтты.
Қазақстандағы мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделін алыс-жақын шетелдер жоғары бағалағанын айт­қан Әлихан Бәйменов оның артық­шы­лықтары жөнінде әңгімеледі.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − six =