«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа мешіттің іргетасын қалады

0 270

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Есіл ауданынан орын тебетін жаңа мешіттің алғашқы іргетасын қалады.

Бұл нысан ЭКСПО қалашығының жанындағы жаңа саябақ аумағында бой көтереді. Оның жалпы аумағы 57 мың шаршы метрді алып, көлемі Ботаникалық саябақтан да үлкен болады. Мұнараның биіктігі 130 метрге, күмбез диаметрі 63 метрге жетпек.
– Мұнда Орталық Азияда теңдесі жоқ сәулетті, бірегей мешіт салынады. Бұл жоба мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылмайды. Құрылыс жұмыстарын орындау үшін арнайы қор құрылып, оған басқа да қазақстандықтар қол ұшын соза алады. Мен тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, бүгінде осы игілікті іске атсалысып отыр­ған барлық бизнесменге алғысымды білдіремін, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Президент бұл ғимарат тек құлшылық ететін орын ғана емес, туристерді тартатын жаңа орталыққа айналатынын жеткізді.
30 мың адамды сыйдыра алатын діни кешенде ислам мұражайы, кітапхана, қолөнер шеберханасы және басқа да мекемелер орналасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды