Жаңа мектептер 2 мың орынға шақталады

0 23

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаладағы мектептер құрылысы мәселесі талқыланды. Алда бас қалада BINOM мектептері бой көтереді.Бұл төрт мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынады. Олардың әрқайсысы 2 мың оқушыға есептелген. Бұдан бұрын салынған орта білім беру орындары 1200 балаға шақталатын. Жаңа мектептер барлық қажетті компьютерлік жабдықтармен, зертханалармен, жиһаздармен қамтамасыз етіледі. Материал­дық-техникалық база және оқушылардың тамақтануына, педагогикалық ұжымның жалақысына жұмсалатын шығындарды инвестор – BI Group компаниясы өз мойнына алады.
Инвестор жаңа мектептерді білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету және елордада мұғалімдер тапшылығын болдырмас үшін еліміздің барлық өңірлерінен жақсы мұғалімдерді тартуға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жаңа мектептер мұғалімдеріне арналған бос орындар BILIM бірыңғай интернет-платформасында орналастырылады.
Әсіресе, жас мұғалімдерге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа мектептерге қабылданатын мұғалімдер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Оның қаржысын BI Group компаниясы өтейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 6 =