«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа мектеп қай аумақта салынады?

Алло, "Астана ақшамы"!

0 429

Қарлығаш БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, бала күтуші:
– Астанадан үй сатып алмақ­шы болып отырмыз. Мектепте оқитын балалары­мыз бар. Соларға ыңғайлы болу үшін жаңадан салынатын мектептер қай жерлерде орналасатынын біліп бере аласыздар ма?


Оқырман сауалына орай Білім басқармасынан алынған жауапты ұсынамыз:
Астана қаласының әкімдігі Үкі­меттің қолдауымен арнайы бағ­дарлама бойынша жаңа мектептер құрылысын салу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
2018 жылы шамамен 7 мың орын­ға арналған 6 мектеп салынады. Бұл – №20 апатты жағдайдағы мек­тептің орнына салынатын жаңа мек­теп. Абай–Бигелдинов көшесіндегі тағы бір мектеп №56, №60, №35 және №1 мектептеріндегі еселенген салмақты босатады. Ал ЭКСПО аумағында тұратын тұрғындар үшін №74, №75 және №84 орта мектептердің үлес салмағын жеңілдететін 2 мектеп салынады.
Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке Хайвилл тұрғын үй кешенінің тұрғындары осы аумақтың жанында мектеп салуды сұрады. Тұрғындардың өтініші бойынша қатарлас жатқан Ж.Нәжімеденов көшесінде жаңа оқу орны ашылады.
Жалпы алғанда, алдағы үш жылда республикалық бюджет қаражаты есебінен 27 мектеп және 10 қосалқы құрылыс салу жоспарланып отыр. Оның ішінде «Өнеркәсіптік», «Пригородный», «Көктал 1, 2» тұрғын үй алаптары да бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды