Жаңа мектеп пен балабақша салынады

0 85

Жаңа мектеп пен балабақша А.Байтұрсынов көшесі мен М.Жұмабаев даңғылы және «Ударник», «Мичуринец» саяжай кооперативтері аумағында салынатын болады. Биылғы жылы аталған ауданда бірқатар мектептер салу қарастырылған.

Атап айтқанда: №41 және Мирзоян көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп, №50 және Ш.Қалдаяқов көшелерінің оңтүстігіне қарай 1200 орындық мектеп, сондай-ақ, Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен М.Жұмабаев даңғылының шығысына қарай 1200 орындық мектеп салынады. 2015 жылы келесі: А.Байтұрсынов көшесі бойында М.Жұмабаев даңғылының батысына қарай 1200 орындық, Мирзоян көшесі мен Нәжімеденов көшесінің қиылысында 1200 орындық (жобаланған) және 41а көшесі мен Жұмабаев даңғылының шығысына қарай (жобаланған) мектептер салынады. Сонымен қатар, 2013 жылы осы аудандағы: Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық, Айнакөл көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының қиылысында 240 орындық, сондай-ақ, Ж.Нәжімеденов және Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша салынады. 2014 жылы А.Байтұрсынов көшесі мен М.Жұмабаев даңғылының шығысында (жобаланған) және Мирзоян көшесі мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында балабақшалар салынады. 2015 жылы келесі нысандардың: М.Жұмабаев даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысында (жобаланған) балабақша және 41а көшесі мен М.Жұмабаев даңғылы шығысында (жобаланған) балабақша, сондай-ақ, Сарайшық көшесінің оңтүстігі мен М.Жұмабаев даңғылының батысына қарай (жобаланған) балабақша құрылысын жүргізу жоспарланған.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =