Жаңа маусымын ашты

0 109

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің XXIV концерттік маусымы осы ансамбльдің домбырашысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Дарын Құдайбергеннің «Толғауы терең сырласым» атты жеке концертімен ашылды.

WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.25 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.25
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.26 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.26
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.27 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 21.43.27
previous arrow
next arrow

Осыдан бес жыл бұрын «Шабыт-2016» шығармашыл жастар фестивалінің «Халық музыкасы» (домбыра) аталымында, басқа да бірнеше байқауда топ жарған Дарын Кұдайбергеннің репертуары кең. Осы концертте ол күй атасы – Құрманғазының, күй анасы – Динаның, Әшімтай Қарымсақұлының, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерімен өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды.
Кеш бағдарламасы тек қана күйлерден тұрмай, әсем әндер мен мың бұралған бимен көркемделді. Филармония солистері – Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Айбала Бейсенова сынды әншілермен қатар, халықаралық конкурстардың лауреаты, биші Көркем Шолошова, «Серпер» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

<

16 қыркүйекте астаналық филармонияның симфониялық оркестрі ХХІІ концерттік маусымын ашты. Өнер ұжымының бас дирижері Ернар Нұртазин және көркемдік жетекші Берік Батырханның жетекшілігімен оркестр және музыканттар Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка), Ермек Құрманаев (виолончель) классикалық туындыларды орындады. Атап айтқанда, Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйі, Петр Чайковскийдің, Шырын Базарқұлованың, Морис Равельдің, Игорь Стравинскийдің шығармалары ойналды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 8 =