Жаңа маусымның жаңалығы мол

0 113

Мөлдір МЫРЗАҚАСЫМОВА,
«Kazakh TV» арнасының продюсері:

– Мөлдір Қуандыққызы, 2002 жылдың 25 қазанында «Хабар» агенттігі жанынан «Caspionet» телеарнасы ашылды. Былтырдан бері «Kazakh TV» болып өз­герген телеарнаның туған күні құт­ты болсын! Арнаның бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?


– Иә, әлемнің 100-ге жуық елінде 800 миллионнан астам көрер­мені бар Қазақстанның тұңғыш спут­никтік телеарнасы 10 жылдан астам уақыт эфирде. Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Kazakh TV» болып өзгертілген телеарна бүгінгі ақпарат кеңістігінде өзінің көзқарасын айқындап, тәуелсіз елімізді шетелге насихаттауда, жа­ғымды имиджін қалыптастыруға еселі еңбек етуде.
– Бағдарламалар өндірісі бөлімінің продюсерісіз. Жаңа маусымдағы жаңалықтармен бөліссеңіз…
– Жаңа маусымда көрермен назарына ондаған жаңа тележо­балар ұсынамыз. Нақтырақ айтсам, «Central Asian: report» – ақпараттық-сараптамалық жоба. Бұл Орта Азия аймағындағы бір апта ішінде орын алған ма­ңызды оқиғаларға шолу. «Kazakhstan: International Vectors» – Қа­зақ­стан әлемдік саяси алаңда, көп­салалы сыртқы саяси бағыт­тың жетістіктері, «EXPO 2017» – әлемдегі ең бе­делді көрме­лер­дің бірін лайықты қабыл­дауға Қа­зақстанның әзір­лігі жөнінде апта сайынғы есеп. «Discovering Kazakhstan» – көлемі бойынша әлемде 9-орында тұрған мем­ле­кеттің шексіз да­ласын шетел­дік журналист ара­лайды. Айшықты әсерлерімен, көз­­қа­расымен бө­ліседі. «Әдебиет әлемі» атты жаңа жобада отан­дық ақын-жазу­шылардың шығар­ма­шылығын насихаттаймыз. Қазақ тіліндегі тағы бір төл бағдарлама – «Ұлт­тық Энциклопедия». Атал­мыш ха­бар­да халқымыздың салт-санасы, дәстүрі терең қоз­ғалып, ұлты­­мыз­дың тек өзіне ғана тән құн­ды­лықтар туралы айтылады. Біздің елдің тарихи-мәдени мұрасы мен өркениеттер құ­пиясын «Heritage» жобасынан көрсетеміз. Ал «Kazakhstan in Fates» – қазақ жеріне табаны тиіп, осы киелі мекеннен ұлы істерге шабыт алған, әлем тарихында ай­рықша орын алған адамдар туралы бағдарлама. Сонымен қатар, шетелде бірнеше жыл тұрып елге қайта оралғандар – «East Or West Home Is Best» жобасының кейіпкерлері бола алады. Республиканың көп­ұлт­ты қоғамы туралы «Акцент» бағ­дарламасы, ғылымдағы же­тіс­тіктер туралы «Infinite Science» жобасы ашылып отыр. «Astana – Сity Of The World» жо­­басы арқылы көрермен сәулет өне­рі­нің алдыңғы қатарлы және ай­рықша үлгілерімен, елорданың қай­таланбас әсем бей­несімен та­­нысса, «Travel Guide» бағдар­ла­­­­масынан Қазақ­стан­ның кең бай­тақ жері туралы мағлұмат алуға болады. Жалпы, жаңа мау­­сымда көрерменді қуантар осын­­дай дү­ниелеріміз бар.
– Шынында қызықты жаңа жобалар көп екен. Жалпы, «Хабар» агенттігі «Euronews Network» бірлестігінің құра­мына кіргенін білеміз. Бұл бай­ланыстың сал­мағы қандай?
– Биыл жаз айында Париж қа­ласында тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық «Euronews» арнасының атқарушы кеңес төр­ағасы Майкл Питерс, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Айдос Үкібаев және «Kazakh TV» телеарнасының директоры Аниса Бердина «Хабар» агентті­гі­нің «Euronews Network» бір­лес­ті­­гінің құрамына кіру туралы екі­­жақты келісімге қол қойды. Ха­­лық­аралық ақпарат кеңістігінде «Euronews» телевизиялық хол­дингімен ынтымақтастық орна­туға мүдделілік таныту – уақыт та­лабы. «Euronews» үшін Қазақ­стан мен Орталық Азияның сапалы ТВ-контенті тартымды болып тұр. Сондықтан еуро­па­лық әріп­тестеріміз өзара ынты­мақ­тастық туралы бастаманы ықы­ласпен қабыл алғанын айтқым келеді.
– Аталмыш келісім қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
– «Euronews» – 13 тілде әлемдік оқиғалардың бейне хроникасын және аудио-түсініктемелерді біріктіретін, тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық телеарна.
Оның кабельдік, спутниктік және эфирлік хабар таратуы әлем­нің 150-ден астам елінде 350 миллион үйді қамтиды. Осы келісім нәти­же­сінде «Euronews»-тің кәсіби ко­­мандасы дайындаған жаңалықтар контентін, түрлі та­қырыпты қам­титын сапалы материалдарын пай­далануға мүм­кіндігіміз мол.
Тағы бір айтарым, «Kazakh TV» телеарнасының журналистері енді «Euronews» үшін материалдар дайындап жүр. Мәселен, жуырдағана «Euronews» телеарнасынан елордада ашылған «Астана Опера» мемлекеттік опера және ба­лет театры туралы сюжет берілді.
– «Kazakh TV» әлемге тарайтын арна. Шетелдегі қазақ­тармен байланыс қаншалықты жолға қойылған?
– Әрине, бүгінгі таңда әлемнің 35 елінде төрт миллионнан артық қандастарымыз тұрады ғой. Алыс­тағы ағайынмен біз үнемі байланыстамыз, жаңа бағдарламалар туралы олардың пікірлерін біліп, ұсыныстарын қабылдап, хат жазы­самыз. Жырақта жүрген қан­дас­­тарымыздың тыныс-тіршілігі туралы баяндайтын «Ағайын» атты бағдарламамыз бар.

 

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + fourteen =