«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа маусымға – жаңа құрам

0 135

«Астана» велокомандасы 2018 жылдың жаңа құрамын салтанатты түрде таныстырды. Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына арналды.

Таныстыру рәсімі­нің құрметті қонақтары Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.
Шара биыл сәуір айында оқыс жағдайда опат болған «Астана» шабандозы Микеле Скарпониды еске алумен басталды.
Жаңа маусымда «Астана» командасының намысын 30 кәсіби велошабандоз қорғайды. Команда сапына жаңадан қазақстандық Евгений Гидич, дат Магнус Корт, испаниялық Омар Фраиле, чех Ян Хирт, канадалық Уго Уле және италиялық Давиде Виллелья қосылды. Сондай-ақ, құрамада өз елімізден Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Бахтияр Қожатаев, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Андрей Зейц, испаниялықтар Пельо Бильбао мен Луис Леон Санчес, италиялықтар Дарио Катальдо, Оскар Гатто, Риккардо Минали, Морено Мозер, даниялықтар Якоб Фульсанг, Йеспер Хансен, Михаэль Вальгрен, колумбиялық Мигель Анхель Лопес, ресейлік Сергей Чернецкий, бельгиялық Лауренс Де Вриз, украи­налық Андрей Гривко, эстониялық Танел Кангерт және норвегиялық Трульс Корсет бар.
«Астананың» жаңа формасын Италиядан келген велокаскадер Витторио Брумотти арнайы таныс­тырды. Оған қоса, президенттік клуб спорттық жобаларына ребрендинг жасағанын, бұдан кейін бірыңғай логотип болатынын, спортшылардың киімдері де бір үлгімен, бір түспен тігілгенін жариялады.
Команданың бас менеджері Александр Винокуров Клубтың өткен маусымын қорытындылап, жеткен жетістіктеріне шолу жасады. 2017 жылы «Астана» кәсіби велокомандасы 20 рет жеңіске жетіп, 25 мәрте жүлделі орындардан көрінді. Жалпы осы уақытқа дейін команданың еншісінде 286 жеңіс бар.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды