ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР ИГЕРУДЕ

0 97

Бiздiң басқарма еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау және бiлiктiлiгiн нығайту, қайта даярлау сияқты әлеуметтiк қорғаудың белсендi шараларын жүргiзiп келедi.
Кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру үшiн бүгiнде «Агентство Лидер» ЖШС, «Узор» ЖШС, «Профес­сионал»» ОӨО, «Фирма Алан» ЖШС, «Учебный авто-центр» ЖШС, «Қазақ Гуманитарлық-Заң Уни­верситетi» АҚ және «Отан» РҚБ әрiптестiк бойынша екiжақты шарт жасалған.
Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiк­тiлiктi арттыру 40 мамандық бойын­ша жүргiзiлiп келедi. Жұ­мыс­сыздар үшiн әлеуметтiк қор­ғау­дың қосымша шарасы ретiнде ме­дициналық куәландыру өтем­ақысын және жол жүру ақысын төлеу қарастырылған.
Бiр адамның айлық оқу ақысы орта есеппен 48 230 теңгенi құрап отыр. Өткен жылдың басынан берi басқарма мамандары  кәсiптiк бiлiм алу мәселелерiмен хабар­лас­қан 1174 адамға кеңес бердi. Олар­дың 869-ы жұмыссыз жан ретiнде кәсiби дайындықтан өтуге жол­данды.
Бүгiнде 853 адам оқуды бiтiрiп, өздерiне қолайлы жұмыс тауып үлгердi.
Оқу бiтiргендердiң 384-i жастар екен. Яғни, өткен жылы кәсiптiк бiлiм алған жастар үлесi 45 пайыз­ды құрап отыр. Бұлардың 372-сi жұмысқа орналасты.
Әйелдердiң үлесi 559 адамды құраған. Олардың 529-ы жұмысқа орналасып үлгердi.
Жоғары немесе кәсiптiк орта бiлi­мi бар жұмыссыз азаматтардың бiлiктiлiгiн арттыруға ерекше кө­ңiл бөлiнедi. Алғашқы рет қоғам­дық тамақтану кәсiпорындарында әкiмшiлерге, офис-менеджерлерге арналған қонақжайлылық негiзде­рiнiң курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, алғаш рет мына маман­дық­тар бойынша, санитарлық-тех­никалық жүйелер мен жабдықтар монтажшысы, қоғамдық тамақ­тану кәсiпорындарының әкiмгерi, офис-менеджер мамандықтарын оқыту мемлекеттiк тiлде жүргi­зi­летiн болады. Бұл жұмыссыз аза­маттардың еңбек нарығындағы бәсекелестiгiн арттырады. Өйткенi, осы мамандықтар жұмыс беру­шiлер тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Олжас ОМАР,
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 20 =