Жаңа күндерден жақсылық күтеміз

0 64

Елбасымыздың биылғы Жолдауында әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Оның ішінде Мемлекет басшысы бізді дамыған елу елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін баса айтты. 

Бұл бағдарлама Қазақстанның жаңа кезеңінің басталғандығынан хабар береді. Қазіргі кездің өзінде елімізде жаңа құндылықтармен сусындаған жас ұрпақ жетіліп келеді.

Көзім айқын жеткен нәрсе: биылғы Жолдауда тек өміршең мәселелер көтерілді. Болашақ ұрпақ тәрбиесі де назардан тыс қалмады. Мұның алдындағы 2030 Стратегиясы жүзеге асырылса, енді, міне, одан да биік асулар мен шыңдарға көз тігу – өмір заңдылығы. Жақсылыққа үміт артқан халықпыз, жаңа күндерден тек жақсылық күтеміз.

Жолдауда ерекше көтерілген бір мәселе – келешекте латын әліпбиіне көшу жайы. Меніңше, бұл мәселе бірден шешіле салмайды. Бәріне де уақыт керек.

Еңселі ел, ұстынды ұлт боламын десең, жік-жікке бөлінуден сақтанып, адамдардың бір-бірін күндеушілігі мен тілдеуі сияқты жат нәрселерден аулақ болған абзал. Осы жөніндегі пікірлер де жаныма жақын. Ең бастысы, биылғы Жолдауда қай салада болсын бірігіп, бас қосып атқарылған істің баянды болатыны, яғни, Жолдаудағы елдің ауызбірлігіне қатысты айтылған ой қатты ұнады. Себебі, бірлік болған жерде ғана жарасымды тірлік боларын өмірдің сан ғасырлық тәжірибесі дәлелдеп кеткен.

Бүгінде әлемнің қай қиырына көз тастасаңыз да, қырғи-қабақ соғыстан көз ашпаған халықтың азапты тұрмысы алдыңнан шы­ға­­ды. Дүниеде тыныштық пен бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ десек, әр үйде бақыт шамы жарқырап жануы үшін бірлігімізді нығайтуға атсалысуымыз керек.

Салтанат КЕРІМБЕКОВА,
Астана қаласы,
№18 балабақшасының әдіскері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × three =