Жаңа көпір салынады

0 24

Елорданың Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады.

Эскиздерін қалалық урбанистика орталығы әзірлеген көпірдің жалпы ұзындығы 910 метр, ені 36 метр. Бидай масағы түріндегі жарық шамдары 5-16 метрге дейін биіктікте орналасады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланыстырылған. Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендіріледі. Тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Елорданың оң және сол жағалауын жалғайтын көпір құрылысы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүзеге асырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × four =