Жаңа кітап жарық көрді

0 158

Кеше «Mega Center Astana» ойын-сауық кешенінде белгілі ғалым Радик Темірғалиевтің «Қазақтар және Ресей» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған ғалымдар автордың ұзақ жылғы тынымсыз ізденісін, еңбекте тың деректердің молдығын әрі шынайы дәлел-дәйектердің топтастырылғандығын атап өтті. «Кітапта XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына ене бастауы, қазақ жүздерінің дербес билігі жойылып, автономдық басқару жүйесіне көше бастағандығы жөнінде айтылады. Отандық тарих ғылымында бұл тақырып әлі күнге дейін даулы әрі біржақты шешімін таппай келеді. Радик Темірғалиев өз еңбегінде бұл мәселені жаңа бағытта, жаңаша көзқараста зерттеп, тартысты мәселелерге қатысты шынайы байыптаулар берген» дейді жас ғалым Жасұлан Абдраманов.

Радик Жексенбайұлы Мемлекет тарихы институты директорының инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасары, «Аспандау» білім-ғылым қорының басқарма мүшесі, 70-тен аса ғылыми-танымдық және публицистикалық мақалалардың, «Ак Орда. История Казахского ханства», «Эпоха последних батыров» кітаптарының авторы. Оның бұл кітабы мәскеулік «Халықаралық қатынастар» баспасынан төрт мың таралыммен оқырманға жол тартты. Тұсаукесер рәсіміне белгілі ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =