ЖАҢА ЕРЕЖЕНІҢ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙІ

0 111

1373621855_a

«Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген бірқатар өзгерістер көпшілікті елең еткізгені анық. Қазіргі таңда жүргізушілердің саны көп болғандықтан, бұл мәселе өзекті болып отыр. Осы тақырып төңірегінде Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Тахир Абдурахмановты әңгімеге тартқан едік.

– Жол жүру ережелеріне бір­қа­тар өзгертулер мен толық­тырулар енгізілгенін естіп жатырмыз…

– 2015 жылдың 7 қаңтарынан Үкі­мет қаулысы күшіне еніп, жаңа жол қозғалысы ережесі қолданысқа көшті. Бұл өзгерістер Жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің, жүр­гізушілердің ортақ міндеттеріне қатысты «Жол қозғалысы туралы» заңының нормаларына сәйкес жасалды.

– Енді сол өзгертулер жайында нақтырақ айтып өтсеңіз.

– Автомагистральдар мен жолдарды қоспағанда, бөліп тұрушы жолағы бар жолдардағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 100 км  болып белгіленді.

«Сыртқы түсті құрылғылар мен дыбыстық сигналдарды пайдалану» бөлімінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мақсатында жүргізушілерді күн­дізгі уақытта көлік құралдарындағы жарық немесе баяу жарық шамдарын қосуға міндеттейтін норма алғаш
рет қосылды.

Көлік құралдарын басқаруға тыйым салатын нормалар «Жол қозғалысы туралы» заңында қарас­тырылған ережелерге сәйкес келті­рілген. Көлік құралы уақытша иелену немесе пайдалануға берілген тұлғаларды есепке алып, тіркеуді міндеттейтін 76-бап алынып тасталды. Енді жүргізушілерден сенімхат талап етілмейді.

Сонымен қатар, арнаулы заңның 54-бабы­ның 22-тармақшасынан «сәйкес жол белгілері мен таңбалары белгіленген арнайы қашықтатуға арналған орындарды қоспағанда,
елді мекендердегі көшелер мен жолдарда» тұрақтауға тыйым салушы норма алынып тас­талды.

– Балаларын көлікпен алып жү­ретін ата-аналарға заң қандай шектеулер жасайды?

– Жол жүру ережесінің «Жолаушылар тасымалы» аталатын тарауында «12 жасқа дейінгі балаларды арнайы ұстап қалушы құрылғылар мен басқа да құралдарсыз тасымалдауға тыйым салынады» делінген.

 

Бағлан ОРАЗАЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =